Исполнитель: Казахские

Композиция: Каз саржайлаум

1.Жазира, жасыл кілем,өрнектеген,
туған жерге дариға, жер жетпеген,Саржайлауым!
Кең өлкем,әлдилей бер,сен деп келем,
Аңсап келем,сағынып,шөлдеп келем,Саржайлауым!

Қайырмасы:
Саумал бұлақ балдай дәрім,
Салқын самал, баурайларың,
Саялаған беу туған жер,
Сағындырған , Саржайлауым!

2.Армысың,ата қоныс,жасыл мекен,
Ұланыңмын мен сенің,қасыңда өтем, Саржайлауым!
Басқаның жер ұйығын не қылайын,
Жер ұйығы өзімнің қасымда екен, Саржайлауым!

Қайырмасы:
3.Жадырап, жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным,Саржайлауым!
Гүлдерім, шыршаларым,аршаларым,
Бәріне арнап мен бүгін, ән саламын,Саржайлауым!

Қайырмасы:


Ссылка на минусовку:
https://ruminus.ru/minusovki/national/Кazahskie/Кaz_sarzhajlaum.html
www.ruminus.ru