Исполнитель: Казахские

Композиция: Адай осындай

Еміреніп, елжіретіп елін сүйетін,
Ұрандатып, жалындатып жерін сүйетін.
Бабалардан жаратылған тегін сүйетін,
Мен білетін, мен білетін адай осындай.

Қайырмасы

	Арыстандай арқырайды білек күшімен,
	Жауларын да түйреп өткен найза ұшымен.
	Жүрек жұтқан қаймықпайтын,
	Тайсалмайтын, шайлықпайтын,
	Мен білетін, мен білетін адай осындай.


Көкірегі ар намыс пен нұрдан жаралған,
Қасиеті бойындағы жырдан жаралған.
Бекет ата қуатынан ұрпақ нәр алған,
Мен білетін, мен білетін адай осындай.


Дұшпанының қабырғасын сөкті басырмай,
Балалардан дархан екен сырын жасырмай.
Жүрегінде жалындайды жыры басылмай,
Мен білетін, мен білетін адай осындай.
Ссылка на минусовку:
https://ruminus.ru/minusovki/national/Кazahskie/Аdaj_osyndaj.html
www.ruminus.ru