Біздер көп күткен, арман боп кеткен,
Қар жамылған бақ жайқалды.
Жапырақ сонда, төгілген жолға,
Сол күннен артық күн бар ма?
қ-сы:
Алма бақ гүлдеді, біз жүрген күздегі,
Жарасып сұлу бір гүлдері.
Алма бақ гүлдеді, аққу-құс көлдегі,
Айдынды, суды тербеді.
Сұлу боп тұрған көктемнің гүлін,
Сол бақтың сәні өзіңдей.
Қалардай тағы адасып менен,
Сағымдай ұзап көріндің.
қ-сы:
Қолыңды берші, күн ұзақ кетпей,
Жайқалған бақты көрейік.
Самалдай ескен, ғажап бұл неткен,
Ғашықтар аңсаған бұл көктем. |